Париждің орталығында әйгілі фотограф Рене Робер өтіп бара жатқан адамдардың немқұрайдылығынан қайтыс болды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Француздық әйгілі фотограф Париждің орталығындағы көшеде көз жұмған. Оған 8 сағат бойы ешкім көмекке келмеген.
Қайғылы оқиға 19 қаңтарда болған. 84 жастағы Рене Робер Турбиго көшесіндегі үйінен серуендеуге шығып, аяғы тайып жығылған күйі суыққа тоңып көз жұмған. Ал көше бойындағы адамдар қарт суретшіге қол ұшын беруге асықпаған.
Айта кетейік, Рене Робер тауға өрмелеу сияқты спорт түрімен шұғылданып қоймай, шыңдарды ешбір фильтрсіз суретке түсірумен әуестенген шебер фотограф болған. Оның суреттерін Батыстың танымал журналдары әркез қыруар ақшаға сатып алып отырған.