Талдықорғанда әлеуметтік жобаларды қолдау орталығы ашылды

Талдықорғанда әлеуметтік жобаларды қолдау орталығы ашылды


Алматы облысының орталығында үкіметтік емес ұйымдарға арналған интелектуалдылық, шығармашылық қабілетін дамытып, өз мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға үшін тегін қызмет көрсететін орталық өз жұмысын бастады,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Ашылу салтанатына қатысқан Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев пен еліміздегі АҚШ бас консулдығының өкілі Карли Ван Орман жаңа мекеменің  лентасын қиды.

Бұл «Social center»  деп аталатын әлеуметтік орталықта креативті жобаларды қолдап,  әрі қарай жүзеге асырылуына барлық жағдайлар жасалынған. Сонымен қатар, ұйым жетекшілері үшін шет тілдерді оқытып қана қоймай, компьютерлік сауаттылығын арттыру мүмкіндіктер де қарастырылған.

– «Social center»  орталығы азаматтық қоғамға деген тағы бір тың серпіліс әкелері анық. Қаржыландыру көлемі жылдан-жылға артып келеді. Облыс әкімдігінің қолдауымен 2016 жылы 25 млн болса, былтыр 50 млн теңгеге жетті. 2019 жылы 75 млн грант беріледі. Біздің үкіметтік емес ұйымдар тек облыстық қана емес, республикалық және халықаралық гранттарды алып, керемет жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар.  Қаламыздың жас буын өкілдері  бос уақыттарын тиімді пайдаланып,  жастар саясатын дамытуда өз үлестерін қосады деп ойлаймын, – деді Ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев.

Жалпы, Алматы облысында 1012  үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 411-і белсенді жұмыс атқаруда. Өңірдегі ҮЕҰ негізгі бағыттары  жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек беру, салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, гендерлік саясат пен қоғамдық келісімді нығайтуға арналған.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях