Сулейман Демирель университетіне – 25 жыл

Сулейман Демирель университетіне – 25 жыл

СДУ – еліміздегі ең жетекші, белгілі оқу ордаларының бірі. 1996 жылы ашылған бұл университет биыл ширек ғасырлық мерейтойын тойлауда. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген білім ошағының 25 жылдығы өткен аптада гала концерт түрінде атап өтілді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Ауқымды өткен шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, СДУ-дің түлегі Бағдат Мусин, ҚР Білім және ғылым вице-министрі, осы университетің бұрынғы ректоры Қуаныш Ерғалиев, белгілі математик, ҚР ҰҒА академигі, аталмыш оқу ордасының оқытушысы Асқар Жұмаділдаев және Серік Абас-Шах, Зейін Әліпбек сынды белгілі журналистер арнайы қатысты. Одан бөлек, Сулейман Демирель университетімен серіктес, ынтымақтастық бағытында жұмыс атқаратын елімізді белді оқу орындарының ректорлары мен өкілдері құрмет қонақ ретінде келді.

Гала концерттің басында университеттің кірпіші қаланған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетісті жайлы әсерлі бейнематериал көрсетілді. Бұл видеода ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия елінің 9-шы Президенті Сулеймен Демирель арасының жүздесу және олардың қатысуымен оқу ордасының ашылуы баяндалды. Тарихтан сыр шерткен бейнероликтен кейін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев сөз сөйлеп, министр Асхат Аймағанбетовтің құттықтау хатын оқыды. Ізгі тілектен кейін СДУ-дің ректоры Дәуренжан Гаиповке « ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттаса, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай министрдің атынан оқу ордасының 30 оқытушысына Алғыс хаттарды табыстады. Одан кейін Қуаныш Ерғалиев өзінің атынан ыстық ықыласын білдіріп, бір кездері өзі қызмет еткен бұл универсиет қашанда қымбат екенін айтып, бұрынғы әріптестерін 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Дәл осындай ізгі тілектің ізін басқа да құрметті қонақтар жалғап, жүрекжарды тілектері мен университет ұжымына естелік сыйлықтарын тарту етті. Игі шараның барысында патриоттық әндер шырқалып, өнерпаз студенттердің жанды дауыста айтқан әндері мен домбырада ойнаған күйлері жұртшылыққа паш етілді.

Бұл кеште СДУ-дің түлегі, әрі мақтанышы, еліміздің ең жас министрі Бағдат Мусинге де сөз берілді. Ол өзінің осы университеттің қабырғасында білім алғанын мақтанышпен айтып, оқу ордасына жарқын болашақ тіледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях