Сауд Арабиясы келесі жылы қатаң талаптарды сақтай отырып, «Спутник V» вакцинасын алған азаматтарға елге кіруге рұқсат береді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Корольдіктің атқарушы органы екпеге қатысты осындай шешімге келген.
Сауд Арабиясы – «Спутник V» вакцинасын алған азаматтар кіре алатын 102-ші ел.
Дегенмен, бұл мемлекетке кіру үшін азаматтар 48 сағат карантинде болуға тиіс және ПТР сынамасын тапсыруға міндетті. Осылайша «Спутник V» вакцинасын алған азаматтарға Сауд Арабиясына кіруге берілген рұқсат негізінде құлшылық етушілер Мекке мен Мединаға қажылыққа баруға мүмкіндік алады.