Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері «Шетелдікті шақырту» қызметін электронды форматқа көшірді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін кез-келген шетел азаматы біздің елімізге виза жасату үшін Қазақстан елшілігіне барып, құжат тапсырғанан кейін 30 немесе одан да көп уақыт күтетін еді. Ал, енді бұл қызметті онлайн пайдаланып, визаны 5 күнде көші-қон порталынан алуға болады. Ол үшін төмендегі деректерді көші-қон порталындағы жеке кабинетке толтыру қажет: алдымен шетелдік азамат жеке басын дәлелдейтін деректерді жүйеге енгізеді; электрондық үкімет арқылы мемлекеттік баж салығын төлейді (әр адамға 0,5 АЕК); 5 жұмыс күнінен кейін өтініш берушінің жеке кабинетіне шақырудың 10 таңбалы тіркеу нөмірі келеді. Оны алған шетелдік азамат шетелдік визалық-көші-қон порталда өтініш толтырады да, оған 15 минут ішінде электронды виза жолданады; сол визаны басып шығарып, Қазақстан шекарасында паспорт бақылауынан өткенде көрсету керек.