Қазақстан шенеуніктерге импорт тауарларды сатып алуға тыйым салынбақ, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Евразия арнасына сілтеме жасап.
Нақтырақ айтар болсақ, бұл тыйым мемлекеттік тапсырыс сайт арқылы сауда-саттық жасайтын министрліктегілер мен әкімдіктегілерге арналады. Ал, Үкіметтің бұл қаулысы көпшілік тарапынан талқыға түсіп жатыр.
Жалпы, рұқсат етілмеген тауарлардың тізіміне импортты болып келетін спортпен айналысуға және суға түсуге арналған киімдер, төсек жабдықтары, резеңке етіктер мен басқа да аяқ-киімдер, сондай-ақ, сүлгілерді де енген. Шенеуніктерге бұл тыйым салынған заттардан бөлек, жеке кабинеттеріне қымбат шетелдік өнім болып табылатын үстелдер мен орындықтарды да сатып алуға да болмайды. Барлығы да отандық өнім болып табылуы керек. Бір айта кетерлігі, бұл шектеу екі жылға қойылған.
Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Үкімет басшысы Асқар Мамин шенеуніктерге шетелдік қымбат көлік алуға да шектеу қойған болатын. Барлық мемлекеттік қызметкерлер тек Қазақстанда өндірілген көліктермен жүруі тиіс.