Шалқар ауылында амбулатория салынады

Шалқар ауылында  амбулатория салынады

Шалқар  ауылындағы тұрғындарын мазалап жүрген дәрігерлік амбулатория ғимарытының жоқтығы туралы  бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың есептік жиынында мәлім болды, деп хабарлайды  naqty.kz  желілік басылымы.  

Кездесуге келген шалқарлықтар округте жөні дұрыс қаралуға болатын дәрігерлік амбулаторияның жоқтығын айтып шағымданды. Қазір жекеменшік ғимаратты жалға алып отырған  амбулатория ескі әрі кішкентай, ыңғайсыз болғандықтан емделу үшін аудан орталығына не қалаға бару мәжбүр.

Тұрғындардың шағымын тыңдаған аудан басшысы бұл мәселе бұрыннан назарға алынғандығын айтты. Нақтырақ айтқанда, биыл Шалқар ауылында амбулатория салуға  30 соттық жер телімі бөлінген, сондай-ақ, құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамасына жақын арада ақша бөлініп, құжаттары жылдың соңына дейін дайын болса, сонда құрылыс жұмыстары алдағы жылы басталады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях