Сенаторлықтан үміткермен кездесті

Сенаторлықтан үміткермен кездесті

28 маусымда Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы өтеді.

Осыған орай, кеше Қарасай ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттарының Алматы облсынан Сенат депутаттығына үміткер Қылышбаев Нұрлан Наурызұлымен кездесуі болды.

Кездесуді аудандық мәслихаттың хатшысы Еділ Қалиев ашып, жүргізіп отырды.

Алдымен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сағындық Жылқыбаев үміткердің өмірбаянымен таныстырды.

Мұнан кейін Нұрлан Наурызұлы сөйлеп, мәслихат депутаттарына сайлауалды бағдарламасын жан-жақты баяндап берді, сұрақтарға жауап қайтарды.

Аудандық мәслихаттың депутаты Айтбай Көшкімбаев сөз алып, ұсыныс-тілегін айтты, сайлауда жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях