СДУ университетінің маңына жаңа мектеп салынады

СДУ университетінің маңына жаңа мектеп салынады

Сүлейман Демирель университетіне қарама-қарсы орналасқан жаңа құрылыстың маңында мектеп салынады. Бұл жайлы бүгін Қаскелең қаласындағы Санжар Жандосов колледжінде өткен аудан әкімінің есебінде белгілі болды, – деп хабарлайды Nagty.kz желілік басылымы.

Есеп беру жиынында аталған жаңа құрылыстың тұрғындары бірқатар мәселелерді көтеріп, көшелерінде асфальт жоқ екенін және жарықтың дұрыс жұмыс жасамайтындығына шағымданды. Сондай-ақ, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан балаларға жаңа құрылыстың маңына мектептің қажеттілігі жайлы айтып, осы мәселені шешіп беруді өтінді.

Тұрғындардың өтінішін тыңдаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Қанат Айманов алдағы уақытта ол жаққа жаңа мектеп тұрғызу жоспарда бар екенін мәлімдеді. Жаңа нысанды салатын жер дайын болғандықтан жақын арада аудандық әкімдік өз тарапынан облысқа мектептің жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға өтінім жіберетін болады.

Қажетті құжаттар дайын болған кезде жаңа мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіле басталады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях