Санжар Боқаев «Намыс» деген партия құрды

Санжар Боқаев «Намыс» деген партия құрды

Белгілі саясаткер Санжар Боқаев жаңа саяси партия құрды. Ол бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Санжар Боқаевтың партиясы басқа партияларға қарағанда өзгерек болмақ. Айтуынша, мемлекет сөз жүзінде айтқанын, іс жүзінде жасай алмай отырғанын айтады. Сондықтан партия құрып, мәселелердің шешімін қарастыру керек. Жаңа партия «Намыс» деп аталады.

– Бүгін мен баспасөз мәслихатын өткізіп, саяси партияның құрылғанын жариялаймын. Біздің партия құруымыздың басты себептерінің бірі – үкімет жұмысының әлсіздігі және жалпы жемқорлық. Үміттен, күтуден шаршадық. Мемлекет тек естігендей кейіп танытады. Мәселен, Өзбекстан үкіметі президенттің тиісті тапсырмасын орындай отырып, ауылшаруашылық техникасына баж салығын алып тастауға небәрі үш күн ғана уақыт жұмсады. 1,5 ай бойы біздің үкімет аталмыш мәселені шеше алмай, блог-турлармен айналысуда. Лобби тағы да мемлекеттен күшті болып шықты, – деді С.Боқаев.

Санжар Боқаев утиль алымы мәселесін алғашқылардың бірі болып көтеріп, ел арасында танымалдылыққа ие болды. Ол Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібіне қатысты да лоббистердің көптеген мәлімдемелерінің жалғандығын әшкереледі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях