Ресейлік ұшқыш сүйіктісін серуендету үшін досының ұшағын ұрлап, апатқа ұшырады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы LIFE SHOT Telegram-каналына сілтеме жасап.
Татарстандық ұшқыш, 56 жастағы Валерий Полонский сүйіктісі, 41 жастағы Альфияға романтикалық тосынсый жасағысы келеді. Ол туған күні қарсаңында жеңіл моторлы ұшақпен серуендетіп, оны қуантуды жоспарлаған.
Ұшақ әуежайдан небары 900 метр қашықтықта ұшып, содан кейін құлаған. Ұшқыш пен сүйіктісі жарақат салдарынан сол жерде қайтыс болған.
Қайтыс болған әйелдің денесін күйеуі анықтады. Ер адам қылмыстық қызметтерге Альфиямен ажырасу процесінде болғанын және оның жеке өміріне қатысты жағдайлардан бейхабар екенін айтты.