«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда

Кеше Алтын ауыл орта мектебінде «Рухани жаңғыру: ұлт келбеті – жалынды жастар» атты форум өтті. Аудандағы барлық білім ұяларының қатысуымен болған жиында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Такимова, «Анаға құрмет» мұражайының директоры Бақыт Изтемисова және «Адам. Дәуір. Медицина» журналының бас редакторы, «Нұр Отан» партиясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының координаторы Аршагүл Тойбаева қатысып, баяндама оқыды.

Жиын барысында ең алғашқы болып Гүлнар Тұрсынбекқызы ортаға шығып, «Рухани жаңғыру – ел болуымыздың кепілі» тақырыбында баяндама жасап, аталған бағдарлама аясындағы мақсат-міндеттерді орындауға бағытталған түрлі республикалық, облыстық байқауларда топ жарған аудандағы мектеп ұжымдарын, мұғалімдері мен оқушыларын көпшілік алдында марапаттады. Мұнан соң, ортаға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек шығып, сөз сөйлеп, нұротандықтарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда аянбай тер төгіп жатқандығын жеткізді. Жиын соңында, «Адам. Дәуір. Медицина» журналының бас редакторы және «Нұр Отан» партиясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының координаторы Аршагүл Тойбаева «Анаға құрмет» музейін гүлдендіруге, яғни, артындағы саябаққа көшет егуге атсалысқан аудандағы  49 мектептің мұғалімдері мен оқушыларына ризашылығын білдіріп, Алхыс хат табыстады.

Форум соңында Алтын ауыл орта мектебінің оқушылары ән айтып, би билеп, дәстүрлі аспаптарда өз өнерлерін көрсетіп, қатысушылардың көңілдерін жадыратты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях