Республикалық жас ғалымдар  конференциясы

Республикалық жас ғалымдар  конференциясы

Аудандық «Атамекен» музейінің әкімшілігі Қаскелеңдегі Сүлеймен Демирел университетімен бірлесіп Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Ұлттық бірегейлік – сананы қалыптастырудағы тарихи сананың рөлі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Оған   әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, SDU, Нархоз жоғарғы оқу орындары ұстаздары  және Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкерлері, тарих саласның Phd докторлары, студенттер  қатысты.  Жас ғалымдардың басы қосылған жиын барысында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы, ұлттық және діни бірегейліктің арақатынасы, тарихи сананы қалыптастырудың мәселелері сынды тақырыптар көтеріліп, баяндамалар оқылды.

[su_custom_gallery source=»media: 7990,7991,7992″]

Қысқасы, конференцияға жиналған азаматтар ел дамуына жаңа өріс әкелген Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», «Мәдени мұра» бағдарламаларының аясында атқарылған жұмыстар мен игі бастамаларды зерделеп, осы бағыт бойынша алдағы таңда оны тиімді жүргізу үшін ұсыныстар мен өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Басқосудың соңында жиынға қатысқандарға Сүлеймен Демирел университетінің әкімшілігі атынан арнайы сертификаттар табысталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях