Республика күніне орай Жетісу облысының ауылдарында бес медициналық нысан іске қосылды  

Республика күніне орай Жетісу облысының ауылдарында бес медициналық нысан іске қосылды   

Жетісу облысында Республика күніне орай бес бірдей медициналық нысан пайдалануға берілді. Оның үшеуі Ескелді ауданында ашылды  — деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Соның арқасында жалпы саны 5 мыңнан асатын тұрғыны бар ауылдарда медициналық қызметке қол жеткізуге және сапасын жақсартуға мүмкіндік жасалды. Жалпы,  Ескелді ауданының Абай, Теректі және Қоржымбай ауылдарында блокты-модульді үш бірдей медициналық пункт ашылды. Аталған ауылдарда 1900-дей адам тұрады. Үш нысанның жалпы құны 105 млн теңге. Бұл медпункттерде акушер-гинекологтар, фельдшерлер жұмыс істейді. Сол сияқты аудан орталығынан да мамандар арнайы келіп, тұрғындарға қызмет көрсететін болады.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы жоғары әлеуметтік маңызға ие, өйткені ол ауыл тұрғындарының 100% сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етуді көздейді. Заманауи технологиялардың арқасында модульдік ғимарат коммуникация жүйелеріне оңай қосылады, тіршілікті қамтамасыз етудің барлық жүйелерімен толық жабдықталған. Медпункттерді салуға екі айдан астам уақыт жұмсалды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын «Integro ConstuctionKZ» ЖШС мердігер ұйымы жүргізді. Құрылысқа отандық өндірістегі металл құрылғылары мен сендвич панельдері қолданылды. Нысандар электрмен жылытылады, ыстық су тартылған, әжетхана ғимарат ішінде. Ғимарат жөндеуді қажет етпейді, 30 жылдан 50 жылға дейін кепілдік берілген. Осылайша блокты-модульды медпункттер ауыл тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігі мен қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін қысқа мерзім ішінде шешуге мүмкіндік берді. Мұндай құрылыстардың ерекшелігі – тез әрі сапалы салынады, жобалық-сметалық құжаттамалар дайындауды қажет етпейді, бұл өз кезегінде жобаның жалпы құнының тиімді болуына ықпал етеді.

— Біз осындай жайлы да жаңа медпунктты жылдам салынып бітеді деп ойлаған жоқпыз. Бұрынғы ескі медпункт 1980 жылдары салынған болатын, пешпен жылытылды. Оған көмір, отын тасып, пеш жағуыма тура келетін. Суды да жылытатынбыз. Әжетхана сыртта болды. Қазір бұл мәселенің бәрі бірден шешімін тапты. Енді мен тікелей өз лауазымдық міндеттеріммен ғана айналысамын, — деді кіші медициналық қызметкері Ирина Орлова.

Жаңадан салынған дәрігерлік пункттерге ауыл тұрғындары дән риза.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях