«Рахым» реабилитациялық орталығы

«Рахым» реабилитациялық орталығы

Кеше, аудан орталығы – Қаскелең қаласында орналасқан, мүмкіндігі шектеулі, психоневрологиялық сырқаты бар балаларға арналған, «Рахым» атты реабилитациялық орталық Наурыз мейрамына орай мерекелік кеш өткізді. Ауыр тағдырды арқалап жүрген жандарға Қаскелең мәдениет колледжінің студенттері ән мен күйін сыйлап, қаламыздағы «Додо» асханасы балаларға пицца тағамын ұсынды. Бұған қоса, бүлдіршіндерге сыйлықтар да берілді.

Кеште ұйымдастырылған барлық шара қайырымдылық тұрғысында өтті. Орталық ұжымы «BN Invest» қаржылық-өнеркәсіптік холдингіне ерекше алғыс білдіреді. Айта кетерлігі, бұл орталық мүмкіндігі шектеулі балаларды тегін емдейді. Онда иппотерапия, логопед, уқалау, т.б. емдеу тәсілдері бар.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған реабилитациялық орталыққа қолдау көрсетемін деушілер болса, толық мәлімет www.rakhym.com сайтында

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях