Радикалды діни ағымдардың қауіптілігі

Радикалды діни ағымдардың қауіптілігі

Бүгін ауданымызға қарасты Шамалған ауылындағы  «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінде» рухани азық аларлықтай жиын болды. Аудандық ақпараттық-түсіңдіру тобының кезекті жоспарға сай ұйымдастыруымен ауқымды баяндамалар мен маңызды ақпараттар ортаға салынды. Талқыға түскен тақырыптың атауы «Радикалды діни ағымдардың қауіптілігі». Отырыс аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әмина Абдраманованың басшылығымен өтті.  Алғаш болып өз баяндамасын жасау үшін Қарасай ауданының бас имамы Ринат Ташеновке сөз беріліп, ол жас ұрпаққа қажетті ақпараттардың қандай болу керектігін айтып өтті. Сондай-ақ, Қазақстандағы исламның мәні жайлы да ой өрбіді. Ол тақырыпты кеңінен ашу үшін философия ғылымдарының докторы Ықтияр Палтөреге сөз кезегі берілді.

Жиынның отырысына аудандық, қалалық діни бірлестіктердің жетекшілері, мешіттердің имамдары, құқық қорғау органдары, дінтану пәнінің мұғалімдері қатысты, сондай-ақ, тыңдаушылар қатарында оқушылар мен студенттер де болды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях