Пробация үйі

Пробация үйі

Жұмысқа тұрғысы келген азаматтан «сотталмаған» деген құжат сұрайтынын баршамызға мәлім. Ал, бұрын істі болғандар қандай қызметке орналаса алады? Осы мәселе төңірегінде бүгін аудандық прокуратураның бастамасымен қылмыстық жауапқа тартылып, сотталғандарға әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету үшін «Пробация үйі» есігін айқара ашты. Ондағы мақсат аталған жандарға қажеттіліктеріне қарай медициналық, құқықтық көмек беру және жұмыссыздардың екі қолына «бір күрек» ұстату. Жиын барысында ниеттілер психологпен, білім бөлімі өкілдерімен, құқық қорғаушылармен кеңесіп, жұмыс ұсынушыларға өтініш білдірді. Айта кетейік, белгілі бір қызметке орналасқан соң олар бекітілген көлемде айлық алады және зейнетақы қорына да салық төленеді. Демек, бәрі заңды.

Осымен екінші рет ұйымдастырылып жатқан бұл шара нәтижесіз емес. Қарасай ауданы пробация бөлім бастығы, әділет капитаны Нұрбол Мұхаммедиевтің сөзіне сүйенсек осы жоба аясында бір адам оқуға, төрт адам қоғамдық жұмысқа тұрған. Жоғарғы білімі жоқ болған соң жақсы қызметке орналастыру қиын көрінеді.

Қоғамымыздың әлеуметтік тұрғыдағы «әлсіз» тобына да назар аударып, олардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, өтеуді мақсат еткен шараның соңында Қарасай ауданы прокуратурасының аға прокуроры Дастан Мырзағали барша атсалысқандарға алғыс білдіріп, алдағы уақытта да бұл ізгі іс жалғасатынын айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях