Президенттік лауазымға кімдер үміткер бола алады?

Президенттік лауазымға кімдер үміткер бола алады?

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы халқына  кезектен тыс сайлау  2019 жылдың 9 маусымда өткізу туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабардар етті.  Сонымен, «Президенттік лауазымға кімдер үміткер бола алады?»  деген сұраққа «Қазақпарат» сайты жауап берген болатын деп хабарлайды  Karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Осыдан 1 ай бұрын, нақты айтқанда 19 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті ретіндегі лауазымын тоқтатып, еліміздің ең жоғары билігі сол кездегі Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен. ҚР Конституциясының 41-бабына сәйкес Республика Президентінің кезекті сайлауы 2020 жылдың желтоқсан айының бірінші жексенбісінде өткізілетіндігін болжалған еді.

ҚР Конституциясының 41-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар республика азаматы сайлана алады.

Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін. Президенттiкке кандидат Орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төмен жалақының елу еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен айқындалады. Кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау рәсімі кандидатурасы өкілеттіктердің келесі мерзіміне қайта ұсынылған, жұмыс істеп жүрген Республика Президентіне қолданылмайды. ҚР Конституциясының 41-бабы 1-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

Осы баптың 5-тармағына дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі. Сондай-ақ, Ата заңымыздың 42-бабы 5-тармағына сәйкес бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. Айта кетерлігі, бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях