Президенттің баспасөз хатшысы басқа қызметке ауысты

Президенттің баспасөз хатшысы басқа қызметке ауысты

ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли «Қазақстан» РТРК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы аталған акционерлік қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берік Уәли 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.  Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын «журналистика» мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Таң» телеарнасының тілшісі болып бастап, түрлі жылдары «31 арна», «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарының редакторы және жүргізушісі болып еңбек етті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Нұр Медиа» медиа орталығын басқарған. ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары, ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2019 жылғы наурызда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Сонымен қатар 2019 жылдың қыркүйек айында «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях