Пол Бартлет болашақ журналистер арасында

Пол Бартлет болашақ журналистер арасында

«Интернет – аш құбыжық, оған үнемі контент керек» дегенді алға тартатын фрилансер (freelancer) Пол Бартлет бүгін Сулейман Демирел университетінде студенттермен жүздесіп, шеберлік сағатын өткізді. Ағылшын тілінен кеңесші, журналистика саласында штаттан тыс қызмет ететін танымал тұлға қазақ жерінде 11 жыл бойы тұрып келе жатыр. Ағылшын азаматы әлеуметтік медиа тақырыбына кеңірек тоқталып, болашақ журналистерге мол мағлұмат берді. Оның пікірінше интернетте жарияланған материалдар «эхо» туғызуы керек, демек, дыбыссыз қалмауға тиісті. Басылымдар неғұрлым тәуелсіз болса, өнімі соғұрлым оқуға қызық болатынын да жасырмады. Пол мырза Батыс және орта Азия елдерінің журналистикасына тоқталып, талдау жасады. Бір қызығы кейіпкеріміз саяси және экономикалық тақырыпта жазбайды екен. Оның себебін бұл саланы жетік білмейтіндігімен түсіндірді. Кездесу барысы студенттердің тарапынан қойылған сұрақтармен қыза түсті. Қазақ жастарының шет елдерге баруға деген мүмкіндігі сынды сұрақтарға жауап бере келіп, газеттің болашағына ерекше тоқталды. «Барлығы онлайн деңгейге көшіп жатыр, дегенмен сайт, теледидарда зерттеп, айқын аша алмаған материалды газетте толық талдауға мүмкіндік бар. Сондықтан газетті сақтап қалу үшін ақпаратты берудің, оқырманнан айырылмаудың жаңаша жолдарын табу керек» деді Пол Бартлет (Paul Bartlett) сөз соңында.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях