Партия филиалындағы қабылдау

Партия филиалындағы қабылдау

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Қарасай аудандық филиалында республикалық желілік кестеге сәйкес, облыстық, аудандық мәслихат депутаттарымен, мекеме басшыларымен біріге отырып қабылдау өткізілді. Аудан жастарының мәселелерін талқылап және оларды шешу жолдарын қарастыруды мақсат еткен жиынға «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек, облыстық мәслихат депутаттары С. Донбаев, Ж. Жөргенбаев, аудандық мәслихат депутаттары Б. Айнабеков, Е. Выгай, Д. Кылышпаева, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Э. Тасырова, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары А. Жұмашбаева қатысты.

Қабылдау барысында оннан аса жас келіп, өтініштерін білдірді. Олардың басты тілегі оқуға түсу немесе жұмысқа орналасу екен. Соның ішінде саламатты өмір салтын ұстанып, жасөспірімдердің тұрақты түрде дене тәрбиесімен шұғылдануына арналған керме, т.б алаң салынуын сұрай келген жігіттің де ойы талқыланды. Ал, Артем есімді азамат жетім өскендігін айта келе, оқуға түсіп, жұмыс істегісі келетінін айтты. Оған облыстық мәслихат депутаты Жанболат Жөргенбаев лайықты жұмысқа орналастырып, жатаханаға тұрғызып, үш мезгіл тамақпен қамтамасыз ететіндігін жеткізді. Бастысы тәртібі дұрыс болса болғаны.

Осылайша мектепті енді бітіргендерге, аз қамтылғандарға, жұмыссыздарға және қолдарында дипломы бар азаматтарға «Нұр Отан» партиясының Қарасай аудандық филиалы құзырлы мекемелермен біріге отырып, мүмкіндігінше көмек беретін болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях