Облыста сібір жарасына қарсы жүздеген адам екпе алды

Облыста сібір жарасына қарсы жүздеген адам екпе алды

Алматы облысында соңғы 10 жылдан астам сібір жарасы тіркелмеген. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов мәлімдеді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Жұқпалы аурулардың ең қауіптісі – төрт түлік малдан жұғатын Сібір жарасы. Оны жұқтырған адамның денесінде жара пайда болып, дене қызуы көтеріледі, интоксикация, кейде сепсис белгі береді. Соңғы 10 жылда астам уақытта Алматы облысында сібір жарасы тіркелмеген болсада облыс сібір жарасын жұқтыру қаупі бар аумақта орналасқан. Себебі, бүгінде өңірде сібір жарасының 99 топырақ ошағы бар.

Осыған байланысты өңірдің бас санитарының айтуынша, мұнын бірден бір алдын алу шарасы екпе болып табылады. Өткен жылы профилактикалық мақсатта 448 ветеринарлық қызмет маманы, ет өңдеу кәсіпорындарының, сою пунктері мен алаңдарының қызметкерлері сібір жарасына қарсы екпе алған.

Бұдан бөлек, күн жылыған кезде кене энцефалиті, боррелиоз сынды инфекциялар таралады. Бүгнде Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Райымбек, Кеген, Ұйғыр аудандарындағы елді мекендердің 20 пайызына жуығы кене энцефалиті бойынша эндемикалық аумақтар қатарына жатады.

– Кене шағуынан зардап шеккендердің барлығына кенеге қарсы иммуноглобулин енгізу арқылы жедел көмек дер кезінде көрсетіледі, – деді облыстағы аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық маусамға дайындағы туралы баяндаған Марат Исмаилов.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях