Талдықорған қаласының облыс орталығы боп көшірілгеніне 20 жыл толуына орай, шаһарда жүзуден қалалық турнир өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Жарысқа 7 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер бақ сынасты. Сайыс жуырда ғана қолданысқа берілген жаңа жабық бассейнде ұйымдастырылып, оған Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дәндібаев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев арнайы қатысты.
Жас спортшылар 50 метрге, 100 метрге еркін әдіспен жүзуден жарысты. Дода нәтижесінде қыздар арасында 50 метрге еркін жүзуден 1-ші орынды Тоқтархан Дария, Елемес Саида, Айнабекова Аяжан иеленді. Ал, ұлдар арасында 50 метрге жүзіп, Амантай Жәңгірхан, Поддубный Богдан, Тұрғанов Шыңғыс 1 орынға ие болды. 100 метр еркін жүзіп, Сламғазы Аруна мен Ерсін Амантайұлы1-ші орынды қанжығаларына еншіледі.
Жарыс соңында жеңімпаздарды Алматы облысының әкімі Арслан Дәндібаев құттықтап, медаль, диплом, бағалы сыйлықтар табыстады. Қатысушылардың дені үшін бұл турнир алғашқы үлкен жарыс. Алайда, жасөспірімдердің бұл спорт түріне жақсы дайындалғаны байқалып тұрды. Жаттықтырушылардың айтуынша, бұл игі дәстүр жалғасын тауып, шара ауқымы кеңейе түспек.