Облыс әкімінің Жамбыл ауданына іссапары

Облыс әкімінің Жамбыл ауданына іссапары

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өзінің кезекті жұмыстық іс-сапарымен Жамбыл ауданына барды. Оның аясында өңір басшысы ең алдымен зиялы қауым өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Ауданның құрметті азаматтарымен жүздескеннен соң облыс әкімі аудан орталығында орналасқан Ұзынағаш №1 мектеп-лицейінің тыныс тіршілігімен танысып, білім ордасының ауласына аудан əкімі Нұрлан Ертасұлымен бірлесе гүл отырғызды. Содан кейін облыс əкімі Қарақыстақ ауылдық округіндегі Александр Назаренко басқаратын «Сүйінбай» ЖШС егіс алқабына барып, көктемгі дала жұмыстарына куə болып, тамшылатып суғару тəсілін қолданып отырған еңбек адамдарымен кездесіп, іс барысмен танысты.

Одан соң Марат Елеусізұлы жыр сүлейі атанған Сүйінбай Аронұлының əдеби мемориалды музейіне ат басын бұрды. Алдымен облыс әкімі жыршының ескерткішіне гүл шоғын қойып, рухына тағзым етті. Музей директоры Аяужан Садуақасова облыс əкіміне құнды жəдігерлерді таныстырып, мұражайдың құрылу тарихына тоқталды. М.Сұлтанғазиев одан кейін ауыл тұрғындарымен бірге музей ауласына жас ағаш көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ, Сүйінбай ақынның кесеніне барып, Құран бағыштады.

Келесі кезекте өңір басшысы биыл қолданысқа берілген Жамбыл ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды.

Заманауи ғимарат 2-қабаттан тұратын спорт кешенінің алаңы – 1223,45 шаршы метр. Мұндағы жұмыс орны 101-150 адамға арналған жер учаскесінің жалпы ауданы – 1509,8 шаршы метрді құрайды. Жобалық қуаттылығы – 50 орын. Кездесу барысында Алматы облысының Дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабековпен спорт мектебінің директоры Жасұлан Сыдықов осы саладағы жетістіктер туралы баяндады.

М.Сұлтанғазиевтің сапары бұдан соң Қарақыстақ арнаулы əлеуметтік қызмет көрсету орталығында жалғасты. 150 орындық емхана психоневрологиялық ауруға шалдыққан жандарға арналған екен. Бұл ғимарат негізінен 1989 жылы салынған, 3-қабаттан тұрады. Жалпы жер көлемі 3, 5828 гектарды құрайды. Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметованың айтуынша, қазіргі уақытта орталыққа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1,7 млрд теңге қажет. Бүгінде Алматы облысының мəслихат отырысында қаражат күтілуде. Егерде қаржы мəселесі шешімін тапса мердігер компания «ЖШС Еламан» құрылыс жұмысын бастауға даяр.

Облыс əкімі бұдан бөлек ауылдық округте орналасқан ескі амбулатория ғимаратын да аралап көрді. Мұндағы №1, №2, №3 амбулатория ғимараты 1979 жылы салынған екен. Ғимараттың қазіргі жағдайымен Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Лейла Серікбаева мен аудандық аурухананың бас дəрігері Дамир Сұраужанов таныстырды.

Содан кейін М.Сұлтанғазиев Қарақыстақ ауылдық округінің мəдениет үйіне барып, халықтың талап-тілегін тыңдап, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Сондайақ, шешімін таппаған маңызды мəселелердің орындалуы жөнінде Жамбыл ауданының əкімі Нұрлан Ертасұлына тапсырма берді.

Түстен кейін облыс басшысы Қарасу ауылына аялдап, 2023 жылы желтоқсан айында қолданысқа берілген ауылдық округ əкімшілігінің жаңа ғимаратына барып, мердігер «Бауыр құрылыс» компаниясының атқарған құрлыс жұмысына оң бағасын берді. Сондай-ақ, Марат Елеусізұлы аудан əкімі Нұрлан Ертаспен бірге ауылдық əкімшіліктің конференция залында шаруа қожалық басшыларымен, округ əкімдерімен жүздесіп түйткілді мəселелерді талқылып, өз ойын ортаға салды.

Осылайша облыс əкімінің бір күнге созылған іс-сапары Жамбыл ауданында жоғары деңгейде өтті деуге болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях