Оқыс оқиға кезінде Ж.Түймебаевтың ұлы қаза тапты

Оқыс оқиға кезінде Ж.Түймебаевтың ұлы қаза тапты

Алматыда ҚазҰУ-нің ректоры Жансейіт Түймебаевтың баласы жаппай тәртіпсіздік кезінде оқ тиіп, қайтыс болды, — деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпаратты университет басшысының баспасөз хатшысы растады.

«Қауесеттердің алдын алу мақсатында ҚазҰУ хабарлайды: 6 қаңтарда 18.35 шамасында коменданттық сағаттың басталуына бір сағат қалғанда Эльнар (Жансейіт Түймебаевтың ұлы) Назарбаев даңғылымен үйіне қайтып келе жатқан. Сәтбаев көшесіне жетпей қиылыстағы бағдаршамда белгісіз біреулер оның көлігіне оқ атқан. Ол оқиға орнында қайтыс болды», — деді университет өкілі.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, тергеу әлі де жалғасуда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях