«Nur Otan» партиясы ұсынған үміткердің облыстық штаб мүшелері ауданда

«Nur Otan» партиясы ұсынған үміткердің облыстық штаб мүшелері ауданда

Бүгін, жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілдері, облыстық, аудандық штаб мүшелері этно-мәдени орталықтардың мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жиынды аудандық  «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары, аудандық штаб жетекшісі Ақшолпан Марат ашып, модератор ретінде жүргізіп отырды. Қазақстан этностары арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтау мәселесіне Елбасы әрдайым ерекше көңіл бөлді. Ол әрбір этникалық топтың мүддесін ескере отырып, Қазақстан халқының бірлігін нығайту бағытында үлкен жұмыс атқарды. Ел дамуының жаңа кезеңінде Елбасы бағытын тиімді жалғастыру – бұл «Nur Otan» партиясы ұсынған кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының басты негізі.  Осы бағытта үміткердің  сайлауалды бағдарламасы жайлы облыстық штаб мүшелері Аян Айтжанов, Жұмабек Чажабаев, Өмірәлі Жалайыр, Доғдыркүл Молдахалыкова, Людмила Хочиева өз пікірлерін білдіріп,  ойларын ортаға салды.

[su_custom_gallery source=»media: 10193,10194,10195,10196,10197,10198″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасы саясаты сабақтастығының сенімді жақтаушысы. Ол мықты, табысты, гүлденген Қазақстанды дамытуды көздейді. Өз кезегінде аудандық штаб мүшелері атынан Сағат Мәсімақынов, Ақылия Бекбаева, Жарқынай Садуова сөйледі. Ал, мемлекеттен түрлі этностарды өкілдеріне қолдауды сезініп жүргенін айтқан ұйғыр этно-мәдени орталығының жетекшсі Ашимов Мәмітжан мен корей орталығының мүшесі Ирина Тэ Елбасының ізін жалғаушы үміткерді бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях