Өнеркәсіптердің қауізсіз болуы үшін

Өнеркәсіптердің қауізсіз болуы үшін

Бүгін аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуді арқау еткен жиын өтті. Басқосу аудан әкімі орынбасары Дулат Сансызбаевтың төрағалығымен болып, оған ҚР инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша Департаменттің мұнай өнімдері, астық қабылдау қоймалары және химиялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Ерғали Иманғали, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ильяс Қалиев және бірқатар кәсіпорын өкілдері қатысты. Алғашқы сөз Ерғали Есенғалиұлына беріліп, ол күн тәртібіндегі мәселелермен жиналғандарды таныстырды. Атап айтқанда, облыстан арнайы келген өкіл кәсіпкерлерге Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов бекіткен салалық жоспарға сай аймақтардағы меншік нысанына қарамастан әрбір объектінің идентификациясын анықтау өзекті болып отырғандығын айрықша атап өтті. Яғни, ұжымдағы еңбек қауіпсіздігі, өндірістік бақылау, аудандардағы қауіптілігі жоғары өндіріс орындарын талапқа сай декларациялау мәселелерін сөз етті. Өз сөзінде ол айрықша мына мәселеге тоқталды:

  • Әсіресе соңғы кездері қатары көбейген шағын газ құю станцияларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы жоғары. Мұндай нысандардың өз кезегінде тұрғындарға, маңайындағы әлеуметтік ғимараттарға қаншалықты қатерлі екендігі белгілі. Осы орайда аталмыш нысан қожайындарының қауіпсіздік шараларына жеткілікті мән беруінің өзектілігін айтпасақ та түсінікті, – деп Ерғали Иманғали ең алдымен кәсіпкерлерге осы мәселені алға тартты.

Жалпы, ауданымыздағы газ құю станцияларының көбі дерлік заңсыз тұрғыда жұмыс жасайды екен. Оған қоса жанармай бекеттерінің аумағында дұрыс емес құжаттармен жалға алатындары да бар. Сондықтанда, облыстан арнайы келген өкіл осы бағытта кәсібін дөңгелетіп жүргендерге тез арада жобалық құжаттарын істеп, оны Алматы облысы бойынша Департаменттің мұнай өнімдері, астық қабылдау қоймалары және химиялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімімен келісу қажеттігін жеткізді. Одан кейін, техникалық паспорттарын тіркеп, бүкіл «ҚР өнеркәсіптік қауіпсіздік» заңының талаптары сақталуы қажеттігін нақты түсіндірді. Бұл айтылғандар жүзеге аспаған жағдайда, Әкімшілік кодекстің 298 бабы бойынша кіші және орта кәсіпорындарға 30-дан 50-ге дейін АЕК, үлкен кәсіпорындарға 100-ден 200-ге дейін АЕК айып пұл салынатынын ескертті. Және де Ерғали Есенғалиұлы жоғарыда айтқандай ұжымдағы еңбек қауіпсіздігі, өндірістік бақылау, аудандардағы қауіптілігі жоғары өндіріс орындарын талапқа сай декларациялау мәселелері жөнінде өз құзіреттілігі шегінде жанармай, газ құю бекеттерін және тағы басқа қауіпті өндіріс нысандарын алдағы уақытта тексеретіндігін жеткізді. Бұдан бөлек, көтеріліп отырған мәселе бойынша қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, өз кеңесімен де бөлісті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях