Наурызбай батыр ескерткішінің маңына 200 түп алма ағашы егілді(Видео)

Наурызбай батыр ескерткішінің маңына 200 түп алма ағашы егілді(Видео)

«Alma Qala» қозғалысы қашанда алма жемісінің түрлі сортын көбейтуді мақсат етіп қана қоймай, оның жойылуына да қарсы әрекет жасап жүрген, бағыты айқын ұйымдардың бірі болып табылады. Дәл бүгін осы қозғалыс ұйымы Қаскелең қалалық әкімдігінің қолдауымен аудан орталығында орналасқан Наурызбай батыр ескерткіші алаңының маңайына 200 түп жабайы алма көшеттерін отырғызды. Науқанның символына айналған бұл алма – негізінен Іле Алатауында өсетін жабайы жеміс ретінде алманың түп төркіні болып саналады екен. Ал, осындай бастаманың басы-қасында үнемі жүріп, 6 жыл ішінде Алматы шаһарының  небір көрікті жерлеріне алма ағаштарын отырғызуға атсалысып жүрген Еркін Стамбеков мұндай игілікті іс ұрпаққа үлгі екенін жеткізуде.

 

«Аlma Qala» қозғалысының қаламыздағы бұл бастамасына қолғабастық ниетін білдіріп, көшеттер отырғызу жұмысына  Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев бастаған әкімдік қызметкерлері, «Жер Ана» компаниясы мен «Forte Bank» акционерлік қоғамының Алматы облысындағы филиал мүшелері және тағы басқа еріктілер де қатысты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях