Нұрлан Мәсімовтің орнына В.Скляр тағайындалды

Нұрлан Мәсімовтің орнына В.Скляр тағайындалды
ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша, Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына Василий Скляр тағайындалды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 қаңтарда ІІМ басшысы полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға таныстырды.

Василий Васильевич Скляр 1983 жылы дүниеге келген.

2006 жылы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын, 2012 жылы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірген, заңгер, құқық магистрі.

Түрлі лауазымды қызмет атқарған.

Соның ішінде:

Павлодар қаласының учаскелік полиция инспекторы;

қылмыстарды ашу жөніндегі жедел уәкіл;

аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;

Солтүстік қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.

2017 жылғы сәуірде Павлодар облысы Ақсу қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Павлодар облысы ПД Екібастұз полиция басқармасын басқарған.

Арнайы атағы: полиция полковнигі.

Бұған дейін Павлодар облысының полиция басшысы лауазымын Кәрім Мәсімовтің немере інісі Нұрлан Мәсімов атқарды. 17 қаңтарда Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях