Ұмтылда жаңа әкім

Ұмтылда жаңа әкім

Бүгін аудан әкімі Махаббат Бигелдиев, сәрсенбі күні өткен сайлау нәтижесі бойынша, Ұмтыл ауылдық округіне жаңадан тағайындалған жас әкім Кулунчаков Ришат Сергейұлын жұмыс орнына отырғызып, ауыл тұрғындарына таныстырды. Округ активі бас қосқан жиында алдымен Махаббат Садуақасұлы Елбасының Жарлығына сәйкес, әкімдерді халық қалаулылары дауыс беру арқылы сайлайтынын тілге тиек етіп, күні кеше ғана болған сондай науқан барысында жеңіске жеткен Р.Кулунчаковтың өмірі мен еңбек жолы жайында толыққанды мағлұматты оқып берді. Сонымен қатар, жауапты лауазымға ие болып отырған аталған азаматтың өзіне де, ең біріншіден ұмтылдықтармен тығыз қарым-қатынаста болу үшін, осы округте тұрып, топырағын басып, суын ішуі керектігін, үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдап, халықпен қоян-қолтық араласа отырып, округ ісін алға бастыру қажеттігін ескертті.

Өз кезегінде округтік ардагерлер ұйымының мүшесі Әділсары Нұрмұхамбетов та сөз алып, елді мекендердегі кейбір мәселелерге назар аударып, қарттар жағы әрдайым жақсы басшыға қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Ал, аталған ұйым төрағасы Елтай Хасенов ізгі тілегін ақ бата ретінде жолдап, жас болса да бас болып отырған жаңа әкімге ақсақалдар мол үміт артатындығын айтты.

Айта кету керек, Р.Кулунчаков 1982 жылы туған. Ұлты қазақ. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Білімі жоғары. Өзінің еңбек жолында әр жылдары ауданымыздағы Таусамалы ауылдық округі әкімшілігінде бас маман, округ әкімінің орынбасары, Қарағайлы округінің әкімі болған. Осыған дейін Алматы қаласында ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде бас маман болып қызмет еткен. Үйленген. Үш баласы бар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях