Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин шектеулеріне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уалидің Facebook парақшасына сілтеме жасап.
«Бүгін бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында.