Мектептердің құрылысымен танысты

Мектептердің құрылысымен танысты

Жуырда «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан мектептердің құрылысында болды. Ол Көлащы, Исаев және Шалқар ауылдарындағы 600 орындық мектептерге барып, Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың дұрыс пайдаланып жатқанын, уақтылы берілуін және құрылыстың сапасын толық бақылап, тексерді.

Ең алдымен партия басшысы Жаңашамалған ауылдық округіне қарасты Көлащы ауылындағы мектептің құрылысына барды. Нысан өткен жылдың қыркүйек айында басталып ағымдағы жылдың 31 қазанында қолданысқа берілмек. Бүгінде оның құрылысына 200 адам жұмылдырылып, қызу жұмыс істеуде. Ал, Исаев ауылында өткен жылдың қазан айында басталған мектеп құрылысы да биылғы жылдың қазан айына дейін ұзартылған. Онда 178 жұмыс күші мен 15 бірлік техникасы тыңғылықты жұмыс жасауда. Ең соңғы Шалқар ауылындағы мектептің құрылысы 75 пайызға аяқталған. Енді, үстіміздегі жылдың қазан айында толық қолданысқа беріледі деп күтілуде. Жалпы, үш мектепті толық аралаған партия төрағасының орынбасары Ықылас Амалбек барлық нысандардың жұмыс барасымен мұқият танысып, комиссия мүшелері алдағы уақытта құрылыс нысандарын өз бақылауында ұстайтынын айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях