«Мектепке жол» акциясына депутаттар ат салысуда 

«Мектепке жол» акциясына депутаттар ат салысуда 

Жаңа оқу жылына дайындық қызған тұста елімізде «Мектепке жол» акциясы қарқынды жүретіні белгілі. Бұл қайырымдылық акциясына мүмкіндігі бар азаматтар, кәсіпкерлер тұрмысы төмен отбасы балаларына жаңа оқу жылының дайындығына көмек қолын созып, септігін тигізеді. Осы ретте бүгін «Нұр Отан» партиясы да бұл игі шараға қатысып, аудандық филиал ғимаратында қайырымдылық акциясын өткізді. Республикалық акция аясында аудандық мәслихат депутаттары «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мұхит Үмбетов пен «Іргетас-құрылыс-2» ЖШС жетекшісі Әлібек Сәрсенов көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетті. Халық қалаулылары ауданымыздағы 37 балаға ең қажетті құрал-жабдықтары толтырылған мектеп сөмкелерімен бірге бүлдіршіндерге шахмат тақтайшасы мен доп табыстап, балалар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.

Шара соңында ата-аналар акцияны ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях