Мал иісінен шаршаған халыққа кім көмек береді?

Мал иісінен шаршаған халыққа кім көмек береді?

Қаскелең қаласының аумағынан тыс жерде орналасқан «Шалқар» атты саяжай массивінің адамдары қасындағы құбыр жасайтын зауыттан келетін жағымсыз иіс әбден мазамызды қашырды деп шағымданып отыр. Әсіресе күннің ыстық кездерінде иістін кесірінен үйдің терезесін ашу мүмкін емес дейді тұрғындар. Олардың наразылықтарына құлақ асқан қала әкімі Асқар Мұқашев бүгін аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандарымен бірігіп, аталмыш зауытты тексеріп қайтты, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы. Жиналған тұрғындардың айтуынша, зауыттың басшысы оның аумағына екі жыл бұрын сийыр, бұқа, түйе сияқты қара малды, сондай-ақ, шошқа әкеліп өсіре бастаған. Алайда, мал тұрған жерді, оның аймағын тазаламағандықтан жағымсыз иістер пайда болған. Соның кесірінен шыбындар көбейіп, әсіресе күннің ыстық кездерінде үйдің терезесін ашу мүмкін емес болып кеткен. Сондай-ақ, кейбір тұрғындардың үйлерін салып жатқан құрылысшылары иіске төзбей кетіп қалған жағдайларда болған. Санитарлық талаптарды ұстанбаған зауыттын мұндай әрекеттері алдағы уақытта неше түрлі ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін деген жұрттың шағымдарын естіген қала әкімі аталған зауатты тексеруге барды. Алайда, оның басшылығын орнынан таба алмады. Сол жерде телефон арқылы байланысып, оның басшысынан жақын арада әкімдікке жердің құжаттарымен келуді сұрады. Ал, шағымданып жиналған жұртқа зауыт басшылығымен кездесіп, мәселені жан-жақты қарап, оны міндетті түрде шешіп беруге уәде берді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях