МАҚСАТ ҮЛКЕН, МІНДЕТ КӨП

МАҚСАТ ҮЛКЕН, МІНДЕТ КӨП

Мемлекет басшысының Жолдауындағы бірқатар тапсырмаларға қатысты аудандық әкімдікте актив жиналыс өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Осы аптаның алғашқы күнінде, өздеріңіз білетіндей, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күллі қазақстандықтарға өзінің алғашқы Жолдауын жариялаған еді. Мемлекет басшысы  жұртшылықты алаңдатқан көптеген келелі мәселелерге қатысты бастамаларды көтеріп, алдағы жоспар-міндеттерге сай бағыт-бағдарды айқындай келе Үкімет тарапына нақты тапсырмаларды жүктеді. Ия, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы халыққа ұсынылғаннан бері жан-жақты қызу талқыланып, көпшіліктің қолдауына ие болды десек артық айтқандық емес.

Бүгін аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың біз сөз еткен алғашқы Жолдауына арналған актив жиналысы өтті. Маңызды басқосудың төрағасы ретінде аудан әкімі Жандарбек Далабаев жиынды ашып, жүргізіп отырды. Ал, отырысқа мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, Қоғамдық кеңестің төрағасы, басқарма, мекеме, кәсіпорын, құқық қорғау органдарының басшылары және мектеп директорлары қатысты.

[su_custom_gallery source=»media: 12287,12288,12286″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Актив жиналысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асыру бойынша аудандағы атқарушы органдардың жауапты жұмыстары жайында сөз етілді. Осыған қатысты жиынның басында аудандық мәслихат хатшысы Айтбай Көшкімбаев Жолдау аясында жүзеге асатын істерге байланысты алғашқы баядаманы тыңдау үшін сөз кезегін аудан әкімі Ж.Далабаевқа берді. Өз кезегінде аудан басшысы Президенттің Жолдауда діттеп көрсеткен нақты міндеттерін сөз етіп, соның аясында ауданымызда атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Жандарбек Ермекұлы түрлі салаға қатысты нақты тапсырмаларға жауапты болу үшін өзінің орынбасарларына, округ әкімдеріне және бірқатар бөлім мен мекеме басшыларына міндеттер жүктеді.

Ел тарихындағы екінші Президенттің алғашқы Жолдауындағы бірқатар бағыттарға қатысты осы актив жиынында өзгелердің пікірлері де тыңдалынып, орамды ойлар ортаға салынды. Барлығы да түрлі салаға қатысты Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған байыпты бастамаларға оң көзқарастарын білдіріп, бағыты айқын тапсырма аясында жұмыс істейтіндіктерін түсіндірді.

Ел Президентінің алғашқы Жолдауы сындарлы саясат жолында елімізді жарқын болашаққа жетелейтініне сеніміміз мол. Мақсат-міндеттердің барлығы да бүкіл қазақстандықтардың атсалысуымен іске асатынына күмән жоқ!

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях