Мұражайдағы рухани кеш

Мұражайдағы рухани кеш

27 наурыздағы Халықаралық театр күнінің тойлануына байланысты  ауданымыздағы Райымбек округінде орналасқан «Анаға құрмет» мұражайының қызметкерлері рухани кеш ұйымдастырды. Кешке ауған соғыс ардагерлері, Үшқоңыр медресесінің тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Алдымен, келген қонақтар  елімізде баламасы жоқ «Анаға құрмет» мұражайының жаңа эскпонаттарымен танысты. Ашылғанына бірнеше жылдан асқан бұл тағылымды мұражай бүгінгі күнде өңірдегі танымал нысандардың біріне айналған. Музейде   500-ден астам түрлі заттар, атап айтқанда,  танымал әйелдерге қатысты көптеген материалдар, құжаттар, фотосуреттер, картиналар, тұрмыстық бұйымдар жинақталып, олар жеке бөлімдерге бөлінген. Бұлардың бәрі де арнайы тіркеуге алынып, қандай бұйымның кімнен алынғаны, қалай жасалғаны жөніндегі мағлұматтарымен байытылған. Осы жәдігерлерде тұнған тарихи сырлардың түпкі ойын музей қызметкерлері қойған «Ана қадірі» сахналық көрінісіаша түсті. Қойылым соңғы кезде қоғамымызда белең алған келеңсіздіктердің бірі – шет ел мәдениетіне еліктеп, ата-анасын қарттар үйіне тапсырып жатқан жастардың ісінің қате екенін көрсетіп, көрерменге ой салды. Кеш әрі қарай Мәншүк Маметова атындағы орта мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Сонымен бірге шара барысында озық ойлы жаңашыл көзқараспен қарайтын өскелең жастарға  тәрбие ретінде, ұлттық салт-дәстүріміздің үлгісі көрсетілді.    Ата-анасының сұрауы бойынша, кішкентай бүлдіршіннің тұсауын  Президентіміз алғаш білім алған Шамалған ауылындағы Қарасай батыр орта мектебінің ұлағатты ұстазы, «Шапағат» мұражайының меңгерушісі Рыскен Шайкенқызы апамызыз кесіп, ақ батасын берді. Сондай-ақ, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ақылия Бекбайқызы сөйлеп, мұражайдың әлемде теңдесі жоқ музейлер қатарына кіретінін  мақтанышпен әңгімелеп,  оны алда да дамытуға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды. Кеш соңын Алматы Қаласындағы Қайнар университетің доценті, PhD  практик психолог  Ляззат Кеңесбайқызы қорытындылады.  Шараның ұйымдастырылуына жоғары баға беріп,ерекше әсер алғанын айтып  мұражай қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях