Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтініштері тыңдалды

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтініштері тыңдалды

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратында аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Жиын барысында Қаныбек Құлжабайұлы әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын алға тартқан тұрғындардың жағдайына мұқият назар аударып, түйткілдер түйінін тарқатуға тырысты. Қабылдауға келген қарасайлықтардың тарапынан қойылған сауалдардың дені әлеуметтік мәселелер төңірегінде болды. Мәселен, «Жігер – М» мүгедек спортшылар федерациясының жетекшісі Тәжіғали Ходжамұратов мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инватакси саны көбейтілсе және де түрлі жарыстарда ауданымыз бен еліміздің намысын қорғап жүрген мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арнап микроавтобус берілсе деген өтініш білдірді. Сондай-ақ, ол қазіргі таңда спортшылардың жаттығып жүрген «Дельфин» кешенінің әкімшілігімен келісіп, жаттығу уақытың ұзартып беруді өтінді. Мұнан бөлек ол әкімдік тарапынан көмек көрсетіліп, мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған жеке штаб ашылса деген тілегін де жеткізді. Аталған өтініштерді мұқият тыңдаған Қаныбек Айтжанов міндетті түрде көмек көрсетінің жеткізді.

Сондай-ақ, қабылдау барысында бірқатар басқа да азаматтардың жеке мәселелеріне байланысты өтініштері тыңдалып, тиісті жауаптар берілді. Алдағы уақытта ол мәселелердің қажетті шешімін табудың жолдары жекелей жағдайда іздестірілетін болады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях