Мүмкіндігі мол спартакиада

Мүмкіндігі мол спартакиада

Қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні. Осыған орай, Қарасай ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Жігер-М» мүгедек спортшылар федерациясы ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спартакида өтті.

Қаскелең қаласындағы «Дельфин» және «Қарасай батыр» спорттық кешенінде болған жарысқа Жамбыл және Қарасай ауданынан 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандар бақ сынасты. Өзара сынға түсіп, мықтыны анықтаған жарыскерлер жүзу, шахмат, үстел теннисі, еркін күрес, грек-рим күресі, бадминтон, дзюдо, армлестлиг спорт түрлерінен сынға түсті. Бұл сайыстың мақсаты — мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және салауатты өмір салтын ұстануға айрықша назар аудару.

Тартысқа толы өткен жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар Ұмтыл ауылы — І орын, Райымбек ауылы — ІІ орын, ал Жамбыл ауданы жүлделі ІІІ орынға ие болып, медальдарымен және Алғыс хаттармен марапатталады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях