Мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды

Мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды

Бүгін аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Жасұлан Естенов мәдениет пен өнер саласында қызмет етіп жүрген қарасайлық аға буын өкілдері мен қызметкерлерін марапаттады. Салтанатты шара сала өкілдерінің кәсіби мерекесі аясында өтті, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

[su_custom_gallery source=»media: 44200,44197,44198,44199,44193,44194,44195″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Аудан басшысы алдымен өнер майталмандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданда ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуі мәдениет қызметкерлерінің арқасы екенін атап өтті. Одан кейін Жасұлан Тоққажаұлы мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі мен қажырлы қызметі үшін Гаухар Көкебаеваға ҚР-ның мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаеваның атынан Құрмет грамотасын табыс етті. Сондай-ақ өз атынан ауданның мәдени өміріне атсалысып жүрген бірқатар майталмандарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Мұнан кейін сөз кезегін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағат Ұлтарақұлы, аудандық кәсіподақ төрағасы Сағындық Жылқыбаев және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жанат Исағұлов алып, жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Салтанатты шараның соны марапат төрінен көрінген майталмандардың орындауындағы «Өнер адамы» атты тамаша әнмен тәмамдалды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях