Бүгін Қаскелең қаласының орталық аланында ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына орай аты аңызға айналғын Қарасай батырдың ескерткішінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Жетісу жеріндегі дәулетіне сәулеті жарасқан Қарасай ауданның 90 жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтойлық салтанаттың екінші күні Қарасай батырға арналған ескерткіштің ашылуымен басталды. Аталмыш жиынға облыс әкімі Амандық Баталов, аудан әкімі Жандарбек Далабаев, Алматы және Жамбыл облыстарымен Қарасай ауданының Құрметті азаматы, меценат Болат Назарбаев, сондай-ақ, еліміздің жан-жағынан келген қонақтар қатысты.
[su_custom_gallery source=»media: 12845,12844,12843,12842″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Алдымен жұртшылық алдында облыс басшысы сөз сөйлеп, қарасайлықтарды мерейлі мерекемен құттықтады, елден ерек батырлығы арқасында бейнесі эпостық деңгейге дейін жеткен Қарасай батырға арналған ескерткіштің орнатылуы жастарға қалдыратын үлкен мұра екенін атап айтты. Сондай-ақ, қазақстан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Едіген Жүнісбеков те қарсайлықтарды үлкен мерекемен құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді. Мұнан кейін ортаға «Парасат» орденінін иегері, қоғам қайраткері Советбек Байғазиев шығып, аудан тұрғындары мен қонақтарын өңіріміздің мерейтойымен құттықтап, баршаға ырыс пен бақ-береке тілеп, ақ батасын берді. Ал, ақ кимешегін киіп қазағымыздың пейілін, дархандығын танытқан ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашты. Орталық алаңның шырайын кіргізген ескерткішті жауып тұрған ақ матаны салтанатты түрде облыс әкімі Амандық Баталов, ауданның Құрметті азаматы Болат Назарбаев пен мемлекет және қоғам қайраткері Нұртай Әбіқаев түсірді.
Салтанатты рәсімнің соңы белгілі әнші Қалбибі Абдуллаева мен оның шәкірттерінің ұйымдастырған концертімен аяқталды.
Орнатылуына Болат Назарбаев мұрындық болған аталмыш ескерткіштің биіктігі 5,5 метр ал, оның тұғырының (постамент) биіктігі 4,3 метр бір сөзбен айтқанда, жалпы биіктігі 11 метрге жетеді. Қоладан жасалған ескерткіштің сәулетшісі әрі мүсіншісі Нүркен Даукенов.