Ұлттық иммундау апталығы басталды

Ұлттық иммундау апталығы басталды

Елімізде жыл сайын сәуір айында иммундау апталығы жүргізіледі. Ондағы негізгі міндет – арнайы алдын алу шаралары арқылы әрбір адамның сырқаттанушылықтан қорғануға қажеттілігі және оған құқығы бары туралы түсінігін қалыптастыру болып табылады. Бүгін аудандық орталық ауруханада аталған апталықтың ашылу салтанаты өтті.

Ашық аспан астында ұйымдастырылған жиында көпшілік алдында алғашқы кезекте ауданның бас дәрігері Ербол Сәрсенбаев сөз сөйлеп, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі жұмыстардың нәтижесінде эпидемияға, өлім жағдайына алып келетін бірқатар ауыр жұқпалы аурулардың жойылуына қол жеткізілгенін, тұрғындардың эпидемиялық сауаттылығы қалыптасқанын тілге тиек етті.

Жалпы, мамандар анықтағандай, қазіргі заманауи вакциналарды балалар жақсы көтереді. Дене қызуының аздап жоғарылауы мен терінің қызаруы секілді жергілікті әсерді сирек береді. Сондықтан екпеден қорқудың қажеті жоқ. Бұл жайында шара барысында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиология бөлімінің басшысы Арайлым Штабаева және туберкулезге қарсы кабинеттің дәрігері Ләйлә Абдолданова жиналғандарға кеңінен әңгімелеп, вакцинацияның маңыздылығына тоқталды.

Кейбір ата-аналардың түсініспеушілікке бой алдырып, екпеден бас тартып жататыны да белгілі. Бірақ, сол арқылы олар баласының жұқпалы аурулармен ересек кезінде сырқаттануына итермелейтінін сезбеуі мүмкін. Сондықтан да,  иммундау тұрғындардың денсаулығы үшін маңызды болып табылады.

Ал, орталық аурухананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек, сондай-ақ, балалар кеңесі бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткен апталықтың ашылу салтанатын аудандық саламатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Дана Таждинова жақсы жүргізіп, мәдениет үйінің әншілері де өнерлерімен өз үлестерін қосқанын айта кеткен жөн. Бұдан бөлек, «Жәрдем» медициналық колледжінің студенттері флешмоб арқылы жұртшылықтың назарын аударып, апталыққа атсалысуға шақырды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях