Үлттық  домбыра  күні  аталып  өтті

Үлттық  домбыра  күні  аталып  өтті

1 шілдедегі Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Ұлттық домбыра күнін барлық қазақстандықтар аса үлкен салтанатпен атап өтті. Осынау нағыз, шынайы халықтық мерекеден қасиетті Қарасай жерінің ел-жұрты да қалыс қалған жоқ. Атап айтқанда, аудандық Қоғамдық келісім комиссиясының төрағасы, Қаскелең қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Несіпбала Әбілдаева аудан орталығындағы перзентханада 30 маусымнан 1 шілдеге қараған түні және күндіз дүние есігін ашқан жеті нәрестенің аналарына кішкентай сувенир домбыра сыйлап, ізгі тілегін білдірді.

  • Бұл сәбилерге, – деді осы арада Несіпбала Әбенқызы, – Құрманғазы, Дәулеткерей,

Қазанғап сияқты ұлы бабаларының, Дина тәрізді ұлы әжелерінің, қазіргі кездегі Айгүл Үлкенбаева сынды апаларының өнері қонып, олар да домбыраны «сөйлеткен» керемет күйші болса дейміз.

Сонымен қатар, бұл күні аудандық мәдениет үйінде осы нағыз, шынайы халықтық мерекеге арналып тамаша  концерт болып, онда қарасайлықтар өздерінің өрелі өнерлерін ортаға салды.

«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп аталатын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы, аталған кеште асыл қазынамыз – домбырадан тәтті күй төгіліп, оның  сүйемелдеуімен әсем әндер әуеледі.

Осылайша «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, оның жекелеген  мүшелері, сондай-ақ, Қаскелең мәдениет колледжінің оқытушылары және тағы басқалары сан алуан күймен жиналғандардың құлақ құрышын қандырды.

Атап айтқанда, «Үшқоңыр» ансамблі Қуаныш Жұмағалидың «Замана жыры», ансамбль мүшесі Жұлдыз Мұқышева Динаның «Науат», Мәдениет колледжінің оқытушысы Медет Садыбаев Құрманғазының «Байжұма», «Қазақстан» домбырашылар ансамблі Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», Мәдениет колледжінің оқытушысы Бауыржан Жұматаев Құрманғазының «Төремұрат» күйін толқыта, төгілте орындап, концертке келушілерді  өте риза етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях