ҰЛТТЫҚ «БАЛА ДАУЫСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ 3-ШІ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

ҰЛТТЫҚ «БАЛА ДАУЫСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ 3-ШІ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

2018 жылдың 15 наурызында Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының үшінші маусымы бастау алды.

Байқаудың негізгі мақсаты — музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және болашақта олардың қабілеттерін дамытуға көмектесу. Биыл «Бала дауысы» байқауы жаңа форматта өтуде.

15 наурыздан 15 сәуірге дейін еліміздің шалғай аудандарында тұратын балаларды барынша қамту мақсатында байқаудың www.notka.kz ресми сайтында онлайн-іріктеу болады. Оған 8 жастан 12 жасқа дейінгі әрбір бала дайындық деңгейіне қарамастан,  қатыса алады. 18 ең үздік үміткер Супер финалға жолдама алады.

Ал, 26 мамырда Астана қаласында «Бала дауысы Астана жүрегінде» атты Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеші өтеді. Күз айында еліміздің үздік 18 дауысы «Жұлдызды арман үйінде», Алатау тауларының баурайында орналасқан «Бөбек»  Ұлттық орталығында бас қосады. Күнделікті, кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды Супер-финалдың телевизиялық түсірілімдеріне  дайындайды. 27 қазаннан бастап әр сенбі сайын КТК телеарнасынан бүкіл ел өз сүйікті қатысушысына дауыс беріп қолдай алады.

8 желтоқсанда Астана қаласында «Қазақстан» орталық концерт залында супер-финал өтеді! Байқаудың барлық ақтық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және смс-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды.

Барлық финалисттер арнайы сыйлықпен марапатталып, ал, ең үздік деп танылған Бала дауысы еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға  Грант және ертегі әлемі Диснейлендке саяхат жолдамасын иеленеді.

Толық ақпарат www.baladauysy.kzсайтында.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях