Әлеуметтік нысандардың жолы жөнделіп, жарығы орнатылады

Әлеуметтік нысандардың жолы жөнделіп, жарығы орнатылады

Жамбылдықтар ішкі көше жөнделмесе де, мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік нысандардың айналасы жақсарда деген тілегін білдірді. Бұл өтініштерін ауыл тұрғындары бүгін аудан әкімінің есептік кездесуінде айтты, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Батан ауылының тұрғыны Ердәулет есімді азамат ең алдымен Жамбыл ауылдық округінде орналасқан әлеуметтік нысандардың айналасы реттелсе деген көпшіліктің ортақ өтінішін жеткізді. Оның айтуынша, мектептің маңайындағы жолдар жөнделіп, оқушылардың кешкі уақытта сабақтан қайтқанда көше шамдары жарық болғаны маңызды.

Аудан басшысы Жандарбек Далабаев бұл мәселе тек Батанға ғана емес, барлық ауылдарға қатысты екенін түсіндірді. Сондықтан ол округ әкімі Тұрарбек Ташовқа «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша алдымен мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын жақсартуды тапсырды.

Округ әкімінің айтуынша, жоғарыда аталған нысандарға жақын орналасқан Жамбыл ауылындағы Наурыз, Сейфуллин көшелерін жөндеу биыл жоспарда бар. Одан бөлек, округте орналасқан мектептердің айналасында қоғамдық көліктерге арналған аялдамалар орнатылады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях