Әлем біріншілігінің жүлдегерін құттықтады

Әлем біріншілігінің жүлдегерін құттықтады

Бірнеше күн бұрын парақшамызда Тайланд елінің Бангкок қаласында муай-тайдан әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғап, осы байрақты бәсекеде қола медаль иегері атанған Диана Пивцованың елге оралғаны жайлы жария еткен едік. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Рүстам Атшабаров жеңімпаз бен оның жаттықтырушысы Бауыржан Баймұхамбетовты арнайы қабылдап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды naqty.kz желілік басылымның тілшісі.
Байрақты бәсекеде үздіктердің қатарынан көрінген жерлесіміз Жамбыл орта мектебінің оқушысы. Қоян-қолтық ұрысты серік еткен бұл додаға Диананы ауданымыздағы №2 Балалар мен жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Бауыржан Орақұлы дайындаған. Әлемдік жарыста үздіктердің арасынан табылған жас тайбоксшысы, 48 келі салмақ дәрежесінде әйелдер арасында өз бағын сынапты. Жекпе-жектен бағы жанып, жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсете білді. Бұл жеңіс тәлімгер мен шәкірттің үздіксіз жаттығулары мен тынымсыз еңбектерінің айқын нәтижесі. Олардың бұл жетістігі ауданда да елеусіз қалған жоқ. Рүстам Әмірғалиұлы Диана Пивцова мен Бауыржан Баймұхамбетовке өңірдегі спортты дамытуға қосқан үлесі үшін аудан әкімінің атынан Алғыс хатпен марапттап, жүлдегерге құнды сыйлықты табыс етті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях