«Үкілі ару» сұлулық байқауы өтті

«Үкілі ару» сұлулық байқауы өтті

Жақында, Қарасай ауданының Жастар ресурстық орталығы мен «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастырыуымен, қаламыздағы Қаскелең Гуманитарлық-теxникалық колледжінде Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Үкілі ару» сұлулық байқауы өтті. Оған Гуманитарлық-техникалық колледжінде үшінші курста оқитын қыздар қатысты. Байқаудың басты мақсаты жастарды отансүйгіштікке, еңбекке, адамгершілікке, өз ұлтының салт-дәстүрін сақтауға және қастерлеуге тәрбиелеу еді.

Қазақтың салт-дәстүрінің салтанатын құрып, жас аруларымыз жан мен тән сұлулығын паш етті. Осы «Үкілі ару» байқауының өзге байқаулардан орны ерекше. Себебі, мұнда қазақ қызының ұлттық дәстүрімізге сай тәрбиесі мен еңбектегі ептілігіне де жіті мән берілді.

Бұл байқаудың арулары қыз ұзату, бесікке салу, сырға салу, баланы қырқынан шығару, тұсау кесу сынды дәстүрлерді орынды орындап шығуға тырысты. Сонымен, «Үкілі ару» атты сұлулық байқауы қызықты әрі жоғары дәрежеде өтті. Оған қатысқан арулар Алғыс xат, бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях