Келер жыл – «Жастар жылы»

Келер жыл – «Жастар жылы»

Президентіміздің осы жолғы Жолдауы көптеген жоспарлы жұмыстармен айшықталды. Қазақстандықтардың табысы пен тұрмыс сапасын арттыруды басты мақсат етіп көрсеткен мемлекет басшысы біршама міндеттерді де жүктеді. Ол жұмыстардың орындалуы тиісті саланың қызметкерлеріне арнайы тапсырма ретінде бекітілгені баршамызға мәлім.

Жалпы алғанда, Жолдау барасында айтылған басымдықтардың негізгілері – халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналғандар. Олардың ішінде әр салаға қатысты тапсырмалар да атап көрсетілді. Мәселен, өзім жастар саясатын қолдаушы ретінде Елбасымыздың Жолдауда айтқан  «әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы» бағытының кейбір тұстарына тоқталғым келеді. Мұнда басты назарға іліккені – мемлекет басшысының келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауы. Елбасымыздың біз үшін бір жылды арнауы өскелең ұрпаққа деген жанашырлығы деп білемін. Одан бөлек, Нұрсұлтан Әбішұлы жастардың барлық санатын қолдауға арналған ауқымды платформа қалыптастыруді міндеттеді.

Шыныменде, осындай жобалар қалыптасып, әрі ол іске асырылып жатса, ел болашағы – жастар үшін одан артық қолдаудың керегі жоқ деп ойлаймын. Біздің міндетіміз – мүмкіншілікті оңтайлы пайдаланып, сенімді, сапалы істерді ілгерілету.

Мәдина Нұрланова,

Аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях