7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні аясында аудандық аурухана қызметкерлері таңғы жаттығу жасады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық күні аясында «Денсаулық баршаға» атты ұранымен осы саладағы қызметтері мен жалпыны бірдей қамту тақырыбында бүгін таңғы жаттығу өткізуді жоспарлаған еді. Оған еліміз бойынша ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары және тағы басқа белсенді денсаулық сақтау ұйымдары синхронды түрде қатысты.
Шараны насихаттау мақсатында бүгін біздің аудандық аурухана қызметкерлері таңғы жаттығу жасап, өз белсенділіктерін танытты. Осылайша, ақ желеңді абзал жандар бір сәттік таңғы жұмыстарын спорттық сергіту қимылдарына алмастырды.
[su_custom_gallery source=»media: 8700,8701,8702,8703,8704″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Сондай-ақ, дәл осындай таңғы жаттығуға ұласқан іс-шара ауданға қарасты кейбір мектеп мекемелерінде де синхронды түрде өткізіліп, оған сол оқу ордасының медицина қызметкерлері мен мұғалімдері өз белсенділіктерін танытты.
Дені сау ұлт қалыптастыру жолында баршаға үлгі болар мұндай спорттық іс-шаралардың берері мол деп білеміз.