Ұлттық банк автокөлік сатып алуға кредит беру үшін «7-20-25» секілді бағдарлама әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл жайында Sputnik Қазақстан ресми сайтында жарияланды.
Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев Үкіметтің кеңейтілген отырысында халыққа несие беруді тиімді жағынан жаңа бастама ұсынды.
«2019 жылы Ұлттық банк Қазақстан азаматтарының отандық өндірістен шыққан автокөліктерді сатып алуы үшін несие беру бағдарламасын әзірлеуге және қаржыландыруға дайын. Бағдарлама нарық принциптеріне негізделеді, банктер арқылы, «7-20-25» бағдарламасының инфрақұрылымы базасында жүзеге асады», — деді Ақышев.
Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасыавтокөлік өндірісінің экономикалық көрсеткішке мультипликативтік пайдалы жақтары болған соң, осы саланың таңдалып отырғанын жеткізді.
«Қысқа мерзімде Үкіметпен және банктермен бастаманы егжей-тегжей талқылауға әзірміз», — деді банк төрағасы.
Ал, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің бұл ұсынысын қолдап, былай деді: «Несиелеу үшін тұтынушыға да, өндірушіге де тиімді болатын салаларды таңдау керек».