Коронавирус бойынша «көк» мәртебесі бар тұрғындар үшін бірқатар шектеу алынды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады, – хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы ztb_kazakhstan әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан «көк» мәртебесі бар болған кезде адамдарға қонақүйлерге, әуежайларға, теміржол, автовокзалдарға, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына, «Қазпошта» АҚ бөлімшелеріне, банктерге, асханалар түріндегі қоғамдық тамақтану объектілеріне, жабық базарларға, білім беру ұйымдарына, СПА-орталықтарға, сән салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық тасымалдауларға шектеусіз кіруге рұқсат етіледі.
Бұған дейін тек «жасыл» статусқа ғана рұқсат етіліп келген еді.